10/04/2026  Жұма
$479.82 ₽6.15 €559.9

WhatsApp Image 2026 02 27 at 19.45.011

Референдум – бұл халықтың өз тағдырын өзі айқындауына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық құрал. Ел өміріндегі стратегиялық маңызы бар шешімдер қабылданатын кезеңде әр азаматтың пікірі ерекше мәнге ие. Сондықтан референдум – жай ғана саяси науқан емес, бұл – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ауқымды реформаларды жүзеге асырып, саяси жүйені жаңғырту, экономиканы дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында үлкен жолдан өтті. Осындай маңызды кезеңдерде халықтың тікелей қатысуы мемлекет дамуының ашық әрі әділ жолын қалыптастырады.

Референдум әр азаматқа өз таңдауын жасауға, өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді. Бұл – демократиялық құндылықтардың нақты іске асуы. Әсіресе бүгінгі таңда қоғамның бірлігі мен тұрақтылығы аса маңызды. Ортақ мақсатқа жұмыла білу – еліміздің табысты дамуының кепілі.

«Amanat» партиясының мүшесі ретінде мен референдумды елдің болашағына бағытталған маңызды қадам деп санаймын. Әрбір дауыс – бұл ертеңгі күнге салынған сенімді іргетас. Біз қабылдайтын шешімдер тек бүгінгі ұрпаққа емес, келер буынға да әсер етеді.

Сондықтан референдумға қатысу – азаматтық борыш әрі елге деген жанашырлықтың белгісі. Әр тұрғын өз таңдауын саналы түрде жасап, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосады деп сенемін.

Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Мұхатай Темірбек, «Amanat» партиясының мүшесі