12/04/2026  Жексенбі
$473.13 ₽6.13 €554.08

2026 жылғы 15 наурызда елімізде республикалық референдум өтеді. Бұл – мемлекетіміздің болашағына тікелей әсер ететін маңызды саяси науқан. Референдум – халықтың пікірін ашық білдіруіне мүмкіндік беретін, ел тағдырына қатысты шешімдерді бірлесе қабылдаудың айқын көрінісі.

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған жаңғырту үдерістері қоғам өмірінің барлық саласын қамтыды. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – әділетті, ашық әрі халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру.

Алдағы референдум – осы жүйелі реформалардың жалғасы. Бұл – әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, елдің стратегиялық бағытын айқындауға қатысуына берілген мүмкіндік.

Астрахан аудандық филиалы Amanat партиясы аудан тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, референдумның маңызын түсіндіру бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізуде. Партияның басты ұстанымы – халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік әділеттілік пен тұрақтылықты нығайту, өңірлердің дамуына нақты үлес қосу.

Біз үшін ең бастысы – ел бірлігі мен қоғамдық келісім. Қазақстанның табысты дамуы әр азаматтың белсенділігіне, жауапкершілігіне байланысты. Референдумға қатысу – бұл тек саяси шараға қатысу емес, бұл – ел болашағына деген бейжай қарамаудың белгісі.

Құрметті жерлестер!

Біз әрдайым заңдылықты, ашықтықты және халық мүддесін басшылыққа аламыз. Алдағы референдум – еліміздің демократиялық дамуының маңызды кезеңі. Осы тарихи сәтте әрқайсымыз саналы шешім қабылдап, мемлекетіміздің тұрақты әрі өркенді дамуына үлес қосамыз деп сенемін.

Бірлігіміз жарасып, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Құрметпен,
Құралбек Сүлейменов,
«Amanat» партиясы Астрахан аудандық филиалының атқарушы хатшысы