Еліміздің өміріндегі маңызды тарихи оқиға – жаңа Конституцияның күшіне енуі барша қазақстандықтар үшін ерекше мәнге ие. Бұл – мемлекетіміздің одан әрі дамуына, әділетті қоғам құруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Конституция – елдің басты құжаты, тәуелсіздігіміздің тұғыры және бірлігіміздің кепілі. Жаңа өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттырып, әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін күшейтеді.
Барша жерлестерімізді жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймын! Елімізде тұрақтылық пен татулық нығайып, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін. Қазақстанымыздың болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
