
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Президент Жолдауында көтерілген мәселелер мемлекетіміздің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.
Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтуде. Бұл – халқымыздың азаттық жолындағы арманы орындалып, дербес мемлекет ретінде қалыптасқан тарихи кезеңді саралайтын маңызды белес. Осы жылдар ішінде Қазақстан көптеген жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейде өз орнын айқындады. Ендігі басты міндет – қол жеткізген табыстарымызды сақтап, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ету.
Президент Жолдауында заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділ қоғам қалыптастыру, экономиканы дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше мән берілген. Бұл бағыттардың барлығы еліміздің өркендеуіне тікелей әсер етеді.
Мемлекеттің басты байлығы – оның халқы. Сондықтан әрбір қабылданған шешім мен жүзеге асырылатын бастама қарапайым азаматтардың тұрмысын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Әсіресе, ауылдық елді мекендерді дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының сапасын арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттері.
Ауылдың дамуы – елдің дамуы. Ауыл тұрғындары үшін сапалы жол, тұрақты ауызсу, жарық, қолжетімді медициналық қызмет пен сапалы білімнің маңызы зор. Осы мәселелердің кезең-кезеңімен шешілуі халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қоғамдағы әділдік, тәртіп және жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығын үнемі атап көрсетіп келеді. Шын мәнінде, заңға құрметпен қарайтын, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын азаматтары бар елдің болашағы берік болады. Әрқайсымыз өз жұмысымызды адал атқарып, қоғам игілігіне үлес қоссақ, мемлекетіміздің дамуына нақты қолдау көрсеткеніміз.
Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Жастардың сапалы білім алып, еңбекке ұмтылуы, туған жерін құрметтеп, елінің дамуына үлес қосуы – мемлекетіміздің ертеңгі жетістіктерінің кепілі. Сондықтан жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу баршамызға ортақ міндет.
Президент Жолдауы – тек мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттер жиынтығы емес, бүкіл қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды бағдар. Онда айтылған бастамалардың нәтижелі жүзеге асуы әрбір азаматтың белсенділігіне, бірлігіне және жауапкершілігіне байланысты.
Біздің басты мақсатымыз – тәуелсіздігімізді нығайтып, әділетті, тұрақты әрі өркендеген Қазақстанды қалыптастыру. Бұл жолда ел бірлігі, адал еңбек және ортақ жауапкершілік әрдайым басты құндылық болып қала береді.
Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет. Өйткені еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі бірлескен еңбегіміздің нәтижесі.
Арман ЖАПАРОВ